Атырауда көлік пен пойыз соқтығысты, зардап шеккендер бар

Сырым Қаржас

Атырау облысында пойыз бен жүк көлігі соқтығысып, локомотив бригадасының жұмысшылары зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видеодан алынған кадр

ТОЛЫҒЫРАҚ

«1 наурыз күні сағат 10.20 шамасында Теңдік станциясының темір жол өткелінде жүк көлігінің жүргізуші жүк пойызымен соқтығысуға жол берді», делінген хабарламада.

Апат салдарынан локомотив бригадасының жұмысшылары зардап шеккен. Локомотив пен 11 бос вагон рельстен шығып кеткен.

Айта кетейік, 2024 жылы автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына байланысты темір жол өткелдерінде 28 жол-көлік оқиғасы болған.