Меценат Азамат Доланбаевқа іздеу жарияланды

Сырым Қаржас

Еліміздің құқық қорғау органдары меценат және A class Medical компаниясының директоры Азамат Доланбаевқа іздеу жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

alatau-zhuldyzy.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасының HALYQSTAN телеграм арнасына берген ақпаратына сүйенсек, Доланбаев «ауыр қылмыс жасады» деген күдікке ілінген.

Медеу аудандық полиция басқармасы азамат Д.-ны адам денсаулығына ауыр зиян келтіру фактісі бойынша іздестіріп жатыр. Оған іздеу жарияланды. Сот 2 ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялады. Күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау бойынша кешенді жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабалады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Азамат Доланбаев А class Medical компаниясының директоры және меценат ретінде көрсетілген. 2020 жылы ол Талғар аудандық орталық ауруханасын 15 жылға сенімгерлік басқаруға алғанын айта кету керек.