Доллар тағы 500 теңгеден арзандап кетті

Сымбат Сатыбалдина

Қазіргі уақытта 1 доллар 500 теңге деңгейінде саудалануда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

МӘН-ЖАЙ

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мәліметінше, сыртқы факторлардың теріс әсеріне қарамастан, жұма күнгі валюта саудасының қорытындысы бойынша доллар бағамы 499,09 теңге деңгейінде жабылды (-1,82 теңге).

- Сонымен қатар сауда белсенділігі төмен болды – сауда көлемі 192,3 млн доллар. Болжам бойынша, жергілікті валюта нарығының қатысушылары наурыз айындағы ҚР Ұлттық банкінің шетел валютасын нетто-сатылымы мен ақпан айындағы инфляция деңгейіне қатысты деректерді күткен болуы мүмкін.

Ал ақпан айының қорытындысы бойынша доллар бағамы 3,7%-ға немесе 19,11 теңгеге төмендеп, 1 доллар үшін 518,2 теңге деңгейінен түсті, деді қаржыгерлер.