Ресейлік блогер Елена Блиновская салық төлемегені үшін бес жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
РИА Новости мәліметінше, ол жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады. Прокуратура Блиновскаяны алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ сот Елена Блиновскаяны 587 миллион рубль төлеуге міндеттеді.
ҰСТАЛУЫ
Айта кетейік, екі жыл бұрын Елена Блиновскаяның Алматыға ұшар алдында ұсталғаны хабарланған болатын.
Сол кезде қамауға алуды Ресей Федерациясының Тергеу комитеті растап, Елена Блиновскаяға аса ірі көлемде салық төлеуден жалтару, аса ірі көлемдегі қаражатты заңдастыру (жылыстату) немесе өзге де мүліктік жолмен алынған ақшаны заңдастыру (жылыстату) бойынша күдікті деп хабарлады.