«Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин өзінің жалақы қанша екенін жарияламады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Журналистер «Бәйтерек» холдингінің басшысына жалақысы мен ұйымдағы мотивация жүйесі туралы сұрақ қойды. Алайда Рустам Қарағойшин белгілі бір қаулыны сылтауратып, нақты соманы атаудан бас тартты.
- Мен өзім жекеменшік сектордан келдім және жалақы деңгейі бойынша нақты екі есе аз табыс табатынымды айта аламын. Ұлттық компанияларда жалақы деңгейі коммерциялық сектордан жоғары деп айта алмаймын. Өкінішке қарай, оның нақты мөлшерін атай алмаймын, себебі бұл белгілі бір қаулымен реттеледі. Ал мотивацияға келсек, аталған қаулыға сәйкес, ең жоғарғы шегі – жылына 6 айлық жалақы көлемінде. Бірақ оны алу үшін қызметкер мінсіз болуы керек – кешікпеу, мемлекет қойған барлық көрсеткіштерді орындауы қажет, деді Рустам Қарағойшин.