Маңғыстауда тағы бір кен орнының жұмысшылары жалақы көтеруді талап етті

Сымбат Сатыбалдина

Маңғыстауда Қаламқас кен орнында жұмысшылардың наразылық білдіргеніне бесінші күн болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео кадры

МӘН-ЖАЙ

Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнында бес күннен бері наразылық жүріп жатыр. Екі компаниядан 150-ге жуық адам шыққан. Жұмысшылардың айтуынша, олардың онсыз да төмен жалақылары 1 наурыздан бастап қысқартылған.

Себебі бір компания тендерді ұтып алып, жұмысшыларына жалақыларын кем дегенде 20 пайызға қысқартатын келісімшартты ұсынған.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін жалақыны көтеру талабымен «TES Service Company» ЖШС жұмысшылары шығып, президентке үндеу жасаған болатын. Үндеу жасаған жұмысшылар бұған дейін «Ftc Win» аутсорсингтік компаниясында жұмыс істеген. Кейіннен олар «TES Service Company» компаниясына ауыстырылған. 

Бүгін 3 наурызда жұмысшылар, оның ішінде, электршілер, вахтерлер, аула сыпырушылар, темір ұсталары, сантехниктер үндеу жасаған. Олардың басты талабы – жалақыны көтеру.