Алматыда Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Енсебектің ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АЛҒАШҚЫ СОТ ӨТТІ
Тергеу нұсқасы бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша «адамзаттың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қарсы ауыр қылмыстық құқықбұзушылық жасады» деп айыпталған блогер 18 қаңтардан бері қамауда отыр және алғашқы сот отырысына тергеу изоляторынан онлайн қатысты.
«Сотқа бір күн қалғанда адвокатқа судьяның күтпеген жерден ауысқаны хабарланды – жаңа судьяның аты-жөні Кенішбаев Серік Болатқазыұлы. Сондай-ақ, сот барысын бақылау туралы БАҚ пен құқық қорғаушылардың өтініштерін табандылықпен елемеген хатшы да ауысты”- дейді Темірланның жақтастары.
Отырыс басталардан бір сағат бұрын адвокатқа кенеттен офлайн форматта өтетіні айтылған, бірақ бұған дейін үнемі процестің онлайн өтетінін баса көрсеткен.
“Темірланды сотқа әкелмеді, ол жарықсыз залдан тікелей тергеу изоляторынан қатысты және адвокатын тек экран арқылы көрді. Темірлан адвокатымен бірге болу үшін өз қатысуын офлайн форматта өткізуді сұрап, өтініш жасады”, – дейді Еңсебектің жақтастары.
ҰЙҚАМАҚҚА ЖІБЕРМЕДІ
Адвокат сонымен қатар тергеу кезінде Темірланды үйқамаққа жіберуді сұраған.
“Прокурор бұл өтінішті қанағаттандырмауды сұрады, себебі «оның қылмысы ауыр және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы жасалған», – дейді oyanqazaqstankz парақшасының авторлары.
ТЕМІРЛАН ЕҢСЕБЕК ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ?
2021 жылдың мамыр айында Темірлан Енсебек құқық қорғау органдарының назарына тағы да іліккен. Ол кезде де оның паблигінде жарияланған контент себеп болған. Тергеу ҚР ҚК 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша жүргізілді.
Алайда, 2021 жылдың қыркүйек айында қылмыстық іс қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатылған.