Бір аптада 1,4%: Қазақстанда қант қымбаттады

Сырым Қаржас

Елімізде бір аптаның ішінде қант бағасы 1,4 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.

Ашық дереккөздерден алынды

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сарапшылардың пікірінше, қысқа уақыт аралығында тауар бағасының өсуі сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай соңғы рет 2024 жылдың сәуір айында және 2022 жылдың тамыз айында байқалған.

Бағаның ең жоғары өсуі Өскемен, Павлодар және Петропавлда тіркелген, аталған қалаларда бір апта ішінде құмшекер 3,4%-ға қымбаттады.

Қазақстанға қанттың көп бөлігі шетелден, оның ішінде негізінен Ресейден келеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық өнімнің үлесі – 26% ғана және бұл біздің өндірушілер шағымданатын сұр импортты қоса есептегенде, - деп толықтырды Бірінші кредиттік бюрода.

Қант бағасы қаңтардың ортасынан көтеріле бастады және жетінші апта қатарынан көтеріліп отыр.