7 наурыз: 7 облыста жолдар жабылды

Сырым Қаржас

Қазавтожол 7 наурыз сағат 08:30 жағдай бойынша 7 облыстағы 7 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Ақмола облысы:

«Астана-Қарағанда-Алматы » автожолының 1291- 1353 шақ., ( Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).

Абай облысы:

"Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы).

Атырау облысы:

«Атырау-Орал» автожолының 5-62 шақ., (Атырау қаласы - Махамбет ауылы дейін).

Шығыс Қазақстан облысы:

"Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысы шекарасы-Ұлан ауылына бұрылыс).

Қарағанды облысы:

«Астана-Қарағанды-Алматы» автожолы:

  • 1353-1426 шақ., Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін.
  • 1610-1855 шақ., Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейін.
  • 1505-1610 шақ., Атамекен ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін.

Қостанай облысы:

"Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 252-340 шақ., (Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін).

Ұлытау облысы:

«Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолы:

  • 137-252 км, Ұлытау ауылы - Қостанай облысының шекарасы.
  • 37-137 км, Сәтбаев қаласы - Ұлытау ауылы.


Республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 803 арнайы техника мен 1859 маман жұмылдырылған.