Алматыда ер адам әуежай қызметкеріне пышақпен тап берді

Сымбат Сатыбалдина

Алматыда ер адам әуежай қызметкерін ұстап алып, пышақпен қоқан-лоқы көрсеткен. Әуежай өкілдері бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео кадры

ВИДЕО 

Телеграмда ер адам әуежай қызметкерінің шашынан ұстап алып, қоқан-лоқы көрсетіп жатқан видеосы тарады. Ер адамның қолында пышақ болған. 

МӘН-ЖАЙ

Әуежай өкілдерінің сөзінше, оқиға бүгін, 7 наурызда әуежайдың ұшу алдындағы тексеру аймағында болған.

Сағат 11:45 шамасында өзін жолаушы ретінде таныстырған ер адам ішкі терминалдағы (Т1) рейс алдындағы тексеру аймағына келген. Алматы халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің скрининг қызметкерлері ер адамнан құжаттарын көрсетуді сұраған, бірақ ер адам скрининг офицерін шашынан ұстап алып, пышақпен қорқыта бастаған.

КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

7 минуттан кейін әуежайдың желілік полиция бөлімінің (LPD) қызметкерлері және Алматы халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ер адамның пышағын тартып алған.

Қазіргі уақытта ер адам полиция бөлімінде, құқық қорғау қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.