Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

Сырым Қаржас
Ашық дереккөздерден алынды

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 8 наурызда Астана уақытымен 08.29-да жер сілкінгенін тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Зілзала ошағы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласынан 48 км жерде агықталған. Зайсан ауданында жер сілкінісінің есептік қарқындылығы 2 балл деңгейінде болған.

Табиғат апатынан ешкім зардап шекпеген, тұрғын үйлер мен ғимараттар да қираған жоқ.