Көлік салығын төлегенде нені білу керек

Сырым Қаржас

Алдағы 1 сәуірде жеке тұлғаларға арналған 2024 жылғы көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Салықты қалай және қашан төлеген дұрыс, нені ескеру керек? Бұл туралы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Максим Морозов

ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ?

Ведомствоның хабарлауынша, былтырғы салықты есептегенде 2024 жылы қолданыста болған 3 692 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

Көлікке салынатын салық мөлшерін kgd.gov.kz web-порталындағы және e-Salyq Azamat мобильді қосымшасындағы калькулятордың көмегімен есептеуге болады.

Бұл ретте салық органдары есеп айырысу сальдосын айқындау мақсатында жыл сайын жеке тұлғалардың көлігіне салынатын салықты тиісті жылға есептейді. 

PUSH-ХАБАРЛАМА КЕЛЕДІ

Салықтың есептелген сомасы бойынша ақпарат биылғы 11-31 наурыз аралығында екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарлама түрінде жіберіледі.

Салық сомасы туралы мәлімет kgd.gov.kz web-порталының «Жеке тұлғаларға арналған алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ e-Salyq Azamat қосымшасында және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында болады, - делінген МКК хабарламасында.