Telegram мессенджерде қабылданатын хаттарды ақылы ету арқылы ақша табу мүмкіндігін іске қосады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Егер сізге Telegram арқылы бейтаныс адамдар, яғни контактіңізде жоқ қолданушылар жиі хат жазатын болса, олар үшін бұл қызметті ақылы етіп өзгертуге болады. Сондай-ақ сіз чаттарды толық басқара аласыз және бейтаныс жандарға уақыт бөлгеніңіз үшін жұлдыздар беріледі.
ҚАНДАЙ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ БАР?
Чаттар тізімін шамадан тыс жүктемеу үшін қажет емес хабарларды тазалау;
Тек жұмыс бабымен хабарлама алу (бейтаныс адамдар жұлдыздарды беруге дайын болған жағдайда ғана байланыса алады);
Құпиялылық пен жан тыныштығын сақтай отырып танымалдықты табысқа айналдыру;
Диалогқа ашық болу, сөйте тұра спам мен шектен тыс хабарламалардан қорғану.
Бұл қызмет топтарда, соның ішінде телеграм каналдарда пікір жазғанда да қол жетімді. Бұл топты спамнан қорғауға көмектеседі және қатысушыларды ештеңеге алаңдамай бір-бірімен байланысуға ынталандырады. Топ иелеріне бұл өз қауымдастықтарын монетизациялаудың және жұлдыздар табудың тағы бір жолы. Ең бастысы бұл қызмет топ мүшелері арасындағы достыққа, жылы қарым-қатынасқа сызат түсірмейді.
БӘРІ ОҢАЙ
Жұлдыздарға арналған хабарламаларды орнату оңай. Мессенджер қолданушысы өзі қалаған адамының ақысыз хабарлама жіберуіне рұқсат бере алады. Егер хабарлама жібергеннен кейін біреуді ерекше жағдайға қосу қажет болса, әңгімелесушіге жұлдыздарды дереу қайтару мүмкіндігі бар.
КІРІС ХАБАРЛАМАЛАРДЫ ҚАЛАЙ ҚОСУҒА БОЛАДЫ?
Жеке чаттарда: істеп тұрған Telegram Premium жазылымы бар екеніне көз жеткізу керек, содан кейін Параметрлер > Құпиялық > хабарлар тармағына өту қажет.
Топтарда: топтың параметрлерін ашып, “Рұқсат” бөліміндегі “Жұлдыздарға арналған хабарлар” опциясын қосса жеткілікті.
Осы арқылы сіз кіріс хабарламаларды оңай басқара аласыз, уақытыңызды бағаламайтындардан өзіңізді қорғай аласыз және танымалдығыңыздың барлық артықшылығын сезінесіз – чаттардағы қауіпсіздік пен тәртіпті оңай сақтай аласыз.