Италия президенті Астанаға ұшып келді

Аян Өрібай

Италия Президентінің ұшағы елорда әуежайына қонды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Италия президенті Серджо Маттарелланы қарсы алды. Одан кейін мемлекет басшылары келіссөз залына аттанды.

Екі елдің басшылары бұған дейін 2024 жылы қаңтар айында Рим қаласында кездескен еді.