Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянына қолдау көрсеткен жанкүйеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ДӘЙЕКСӨЗ
Жаңа бейнебаяныма қолдау көрсеткен барша жанкүйерлеріме алғыс айтқым келеді. Пікірлерге қарағанда, менің шетелдік тыңдармандарымның белсенділігінің арқасында жаңа бейнебаянымыздың таралымы мен қаралымы көбейіп жатыр. Сондай-ақ, жақын арада бейнебаянымыздың екінші бөлімін аяқтайтынымыз туралы да айта кетейік, - деп жазды Димша Құдайберген инстаграмдағы парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Love’s not over yet әніне түсірілген жаңа бейнебаяны Нью-Йорктегі (АҚШ) әйгілі Таймс-скверде көрсетілгені туралы жазғанбыз.