Күйші Нұрғиса Тілендиевтің жары өмірден өтті

Сымбат Сатыбалдина

Күйші, сазгер, халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева өмірден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

ҚАРАЛЫ ХАБАР

Қаралы хабарды Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі жеткізді. 

- Дариға Тілендиева ұлттық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті өнер иесі. Ол Халық қаһарманы, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің өмірлік жары ғана емес, сазгердің шығармашылық мұрасын сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізген тұлға болды. Дариға Тілендиеваның өнері мен рухани мұрасы қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады. Жақындарына сабыр, марқұмның рухына мәңгілік тыныштық тілейміз, делінген хабарламада. 

Дариға Тілендиева «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Алты жасар Алпамыс», «Құлагер», «Ақ машина», «Жамбылдың жастық шағы», «Қоштасқым келмейді» сынды көркем фильмдері арқылы, ұлттық кино өнерінде өшпес із қалдырды.