Мұрат Нұртілеу Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті

Сымбат Сатыбалдина

Қазақстан СІМ басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысымен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

МӘН-ЖАЙ

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті.

ӘҢГІМЕ НЕ ТУРАЛЫ БОЛДЫ

Тараптар саяси диалог пен экономикалық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар жаһандық қауіпсіздік пен өңірлік тұрақтылықты қоса алғанда, бірқатар маңызды халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасу болды.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жоғары динамикасын қамтамасыз ету үшін тұрақты байланыстарды қолдауға келіскен.