2024 жылы Қазақстанға тұрақты тұруға 29 282 адам келсе, елден 12 732 адам кетіп қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СТАТИСТИКА
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, көші-қон сальдосы 16 550 адам болған. Осылайша, қатарынан екі жыл бойы сыртқы көші-қонның оң сальдосы байқалған.
2023 ЖЫЛ
2023 жылмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 15,3% артты, ал сытрқа көшіп кеткендер саны 20,9% азайды. Ел ішінде көшіп-қонушылар саны 2023 жылмен салыстырғанда 47,6% өсті.
ҚАЙ ЕЛГЕ КЕТКЕНДЕР КӨП
Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрген. Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан келгендердің үлесі 81,6% болса, осы елдерге кеткендердің үлесі 74,8% болды. Басқа елдердің ішінде көшіп келгендердің көпшілігі Қытайдан, Моңғолиядан және Түркиядан болған, ал басқа елге кеткендердің басым бөлігі Германия, Польша және АҚШ-қа кеткен.
Шетелден тұрақты тұру үшін келгендер негізінен Алматы қаласын (6 260 адам), сондай-ақ Алматы (4 788) және Маңғыстау (3 680) облыстарын таңдаған. Керісінше сыртқа кеткендердің ең көп саны Солтүстік Қазақстан (2 133 адам), Қарағанды (1 588) және Шығыс Қазақстан (1 195) облыстарында тіркелген.
ӨҢІР
Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде оң сальдо қалыптасып отыр, олар Астана (73 238 адам), Алматы (36 061 адам), Шымкент (9 361 адам) қалалары мен Алматы облысы (2639 адам).