Таксисттердің бәрі жаңа ұйымға бірігіп, міндетті жарна төлеуіне қатысты жаңа ереже мәжілістің мұрағатында қалған. Бұл туралы депутат Нартай Сәрсенғалиев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СКЛЯРДЫҢ ЖАУАБЫ
Бұған дейін үкімет басшысының орынбасары Роман Склярдың депутаттарға берген жауабына сәйкес, жаңа заң жобасы шеңберінде өзін-өзін реттейтін ұйымдар (ӨӨРҰ) құрылатынын айтқан болатын. Скляр жауабында жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауға еркін (шарттық) тарифтер белгіленетінін атап өткен.
ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ
Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиевтің сөзінше, фракция өткізіліп, бұл заңды тоқтатылған.
- Заң жобасы екінші оқылымға кетпейді. Министрлік пилоттық жасап дәлелдеу керек. Содан кейін ғана талқылауымыз мүмкін, болмаса мұрағатта қалады. Қарапайым халықты, таксистерді қинауға болмайды, дейді депутат.
Сәрсенғалиев бұл жайлы бұған дейін жасаған депутаттық сауалында айтқан. Ол жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы мемлекеттің міндеттерін өзін-өзі реттеу ұйымына беру, жекеменшік СРО-ға тастай салу үлкен қателік деп санайды. Осы қадамды көздеген заң жобасы мәжіліске келген. Депутаттар бұл заңға бірден қарсы болған.
Оған екі себебі бар:
ШЕШІМ
Бұл заң жобасы мәжілістің мұрағатына түсті. Таксистерді өзін-өзі реттеу ұйымына кіруге, жарна төлеуге міндеттейтін заң жобасы тоқтатылды.