Украина бейбітшілікке дайын: Ресей мәлімдеме жасады

Сымбат Сатыбалдина

Ресей Украинада соғысты уақытша тоқтатуға дайын емес. Бұл туралы Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

РЕСЕЙ

Ушаковтың айтуынша, Ресейге уақытша атысты тоқтату қажет емес.

Оның сөзінше, уақытша бітім туралы ұсыныс – бұл украин әскері үшін тек уақытша үзіліс қана.

Сондай-ақ, Ушаков «бейбіт әрекетті имитациялайтын қадамдар ешкімге қажет емес» деп санайды.

Бұдан бөлек, Ушаков Владимир Путиннің бүгін Украинада уақытша атысты тоқтату режиміне қатысты «нақтырақ және мазмұнды баға» беруі мүмкін екенін айтты.

УКРАИНА

Еске салайық, күні кеше Украина 30 күнге соғысты тоқтатуға келіскен болатын. 

АҚШ әскери жеткізілімдер мен барлау деректерімен алмасуды қайта бастайды. Украина мен АҚШ-тың бірлескен мәлімдемесі.

Джидда қаласында өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша Украина мен АҚШ делегациялары бірлескен мәлімдеме жасады. Оның ең маңызды тармақтары:

  • Украина «30 күндік уақытша бітім режиміне» келісуге дайын. Бұл мерзім өзара келісім бойынша ұзартылуы мүмкін, бірақ Ресей Федерациясы бұл шарттарды қабылдап, толығымен орындауы қажет.

  • Сонымен қатар, АҚШ Украинаға қауіпсіздік саласындағы көмекті қайта бастайды және барлау деректерімен алмасуды жандандырады.