Маңғыстауда жұмысшылар ереуілге шығып, үкіметке талап қойды

Сымбат Сатыбалдина

Маңғыстауда «М-Техсервис» ЖШС жұмысшылары наразылыққа шығып, 12 наурыздан бастап жұмысқа шықпай қойған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео кадры

ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ТАЛАБЫ

Lada.kz мәліметінше, олар Қазақстанның үкіметі мен “Маңғыстаумұнайгаз” компаниясының басшылығына үндеу жасаған. Себебі жұмысшылар штат қызметкерлері қысқаратыны туралы хабарлама алған. 

- Біз «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығынан 2024 жылдың 26 ​​қарашасында және 2025 жылдың 26 ​​ақпанында жасалған хаттамаларды орындауды талап етеміз. Біз қызметкерлер қысқарып және жұмыссыз қаламыз ба деп қауіптеніп отырмыз. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мердігер «М-Техсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен ынтымақтастықты жалғастыруын қатаң талап етеміз. Талаптарымыз орындалмаса, жұмысқа шықпаймыз, дейді ереуілге шыққан жұмысшылар.

КЕЛІССӨЗ

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі департаменті жұмысшылармен келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлады.

- Келіссөздерді тапсырыс беруші «Маңғыстаумұнайгаз» жергілікті атқарушы органмен бірлесіп жүргізіп жатыр, деп хабарлады ведомство өкілдері. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Айта кетейік, бұл компания жұмысшыларының алғашқы ереуілі емес. 2019 жылы жұмысшылар жалақыны көтеруді сұрады. Сол жылы компания басшылығы жұмысшылардың талабын орындап, жалақысын көтерген.