Самұрық-Қазынаның еншілес компаниясының бірі жойылады

Сырым Қаржас

"Самұрық-Қазына" қорының басшысы "Самұрық-Қазына Бизнес Сервис" ЖШС-нің таратылатынын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Нұрлан Жақыпов қордың бейіндік емес активтерден арылуды жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту міндеті аясында қор құрылымын оңтайландыру туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты "Самұрық-Қазына Бизнес Сервис" ЖШС-ні тарату мәселесі Қордың директорлар кеңесінде қаралуға шығарылды, – деп хабарлады "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі.

2024 жылдың ақпанында Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов "Самұрық-Қазына" қорының, сондай-ақ Алматы мен Астана әкімдіктерінің бюджетіне тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеген. 2024 жылдың соңында "Самұрық-Қазына" қоры "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясынан Астанадағы кеңсе ғимаратын 28 млрд теңгеге сатып алған. БАҚ мәліметінше, ғимаратта конференц-зал, кең асхана, жаттығу залы және баскетбол алаңы бар.