Қазақстанда мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруды талап ету жөнінде петиция жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
14 наурызда жарияланған петиция ұлттық экономика министрлігіне бағытталған.
НЕ ТУРАЛЫ ПЕТИЦИЯ
Авторлар президент, үкімет пен парламентке үндеу жасап, мемлекеттік қызметшілер санын қысқарту және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды талап етті.
- 2019 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметкерлердің санын 25 пайызға қысқарту міндетін қойған болатын. Алайда, бұл мәселе жыл сайынғы жолдауларда үнемі айтылып келе жатқанымен, тапсырма әлі орындалған жоқ. Бұл саяси ерік-жігердің жоқтығынан және мемлекеттік аппараттың өз мүддесіне қайшы келетін реформаларды өз бетінше жүргізе алмауынан деп білеміз. Бұл не үшін маңызды? Біріншіден, мемлекеттік аппараттың тиімсіз. Мемлекеттік аппарат жыл сайын көбейіп келе жатыр. Олардың жалақысына, іссапарларына, қызмет көрсетуге, көліктеріне, үй-жайларына және басқа да соған байланысты шығындарына бюджеттен қыруар ақша бөлініп жатыр, делінген құжаттар.
Петиция авторларының есептеуі бойынша, бір мемлекеттік қызметкердің шығынын өтеуге оның жалақысынан 10 есе көп ақша жұмсалады. Мысалы, жалақысы 500 000 теңге болса, онда бір қызметкердің жалпы шығыны айына 5 миллион теңгеге жетуі мүмкін.
- Екіншіден, нақты реформалар жоқ. (...) Үшіншіден, бюджетті үнемдеу қажет. Мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту арқылы әлеуметтік бағдарламаларға, денсаулық сақтау, білім беру және инфрақұрылымды дамытуға көбірек ақша бағыттауға болады, дейді петиция авторлары.
ПЕТИЦИЯ АВТОРЛАРЫНЫҢ ТАЛАБЫ
НӘТИЖЕ
Петиция авторларының сөзінше, осылайша бюджеттің 25-30% үнемделеді, мемлекеттік басқарудың тиімділігі артады, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия азаяды және азаматтардың мемлекетке деген сенімі нығая түспек.