«Қателікті кешірмейді»: Алматы облысында жол апатынан бірнеше адам мерт болды

Сырым Қаржас

Алматы облысының Жаркент қаласы мен Шолақай ауылының арасындағы трассада жол апаты болып, үш адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Фейсбуктегі Әкімнің Қызы парақшасынан алынды

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қара жолдағы қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

Жаркент Шолақай трассасында бүгін болған апат. Үш адам тіл тартпай кеткен. Жылдамдықтан асырмай, абайлап жүріңіздер! Жол қателікті кешірмейді, – деп жазды желі қонданушысы.

Куәгерлердің айтуынша, жеңіл көлік алдыңғысын басып оза бергенде жолдың қарсы бағытында келе жатқан мәшінге соғылған.

Полиция жол апатының себеп-салдарын анықтап жатыр.