Президент Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады

Ulysmedia

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауын твиттердегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Бибісара Асаубаеваны блиц бойынша өткен әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын. Бұл керемет жетістік барша қазақстандық үшін, әсіресе шахмат әуесқойлары үшін Жаңа жыл қарсаңындағы жағымды жаңалық болды. Бибісараның табыстан табысқа жете беруіне тілектестік білдіремін!» - деп жазды Тоқаев.

Еске сала кетсек шахматтан ересектер арасындағы әлем чемпионатында топ жарған Бибісара Асаубаева Қазақстанның спорт тарихына өз есімін жазып отыр. Варшавадағы әлемдік турнирде алтын медаль алған спортшымыздың жас небары 17-де.

Бұл жүлде – Қазақстан тарихында ересектер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы алтын медалі. Ойынның екінші күні спортшылар 8 партия өткізген. Оның қорытындысы бойынша отандасымыз 14 ұпай жинады. Ресейлік Александра Костенюк 12,5 ұпаймен екінші орын алды. Үшінші орынды 12 ұпаймен тағы бір ресейлік Валентина Гунина иеленді.