Коммуналдық қызметтің күрт қымбаттауы жұртты шошытты

Сырым Қаржас

Коммуналдық қызмет ақысының күрт өсуі онсыз да қалт-құлт етіп отырған қазақстандықтардың қалтасына айтарлықтай салмақ түсірді. Бұл туралы қарапайым халық әлеуметтік желілерде жазып, шағым білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Коллаж Ulysmedia

ТОЛЫҒЫРАҚ

Астана тұрғыны кейінгі айда жалпы ауданы 30 шаршы метр болатын пәтерде жалғыз өзі тұрғанына қарамастан, коммуналдық қызмет үшін 47 мың теңге төлеуге тура келгенін жазды.

Әлеуметтік желіде көптің назарын аударған бұл жазба жылдам тарап, оған қатысты пікір білдірушілер көбейді. Желі қолдаушылары қомақты сома көрсетілген түбіртектер келе бастағанын жарыса жазды.

Олардың ішінде тек коммуналдық қызметтер үшін 30 мың теңгеден 97 мың теңгеге дейін төлегендер болды. Тұрғындар негізінен электр қуаты мен судың қымбаттауына шағымданды.