Миланда Алексей Навальныйдың құрметіне мемориал ашылды

Сымбат Сатыбалдина

Италияның Милан қаласында ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Claudio Furlan/LaPresse/ZUMA Press/picture alliance

ТОЛЫҒЫРАҚ

2006 жылы Мәскеуде қаза тапқан журналист Анна Политковская атындағы саябақта мемориалдық тақтасы бар гранит ескерткіш орнатылды.

Итальян тілінде ойып жазылған тақтайшада саясаткердің аты-жөні мен қайтыс болған күні, сондай-ақ оның «Егер олар мені өлтірсе, берілме» деген сөзі жазылған. Жазбада мемориал Милан қаласы тарапынан Навальныйға құрмет белгісі ретінде орнатылғаны айтылған.

Ескерткіштің ашылуы 16 наурызда қала билігі өкілдерінің қатысуымен өтті.

Шараға Милан қалалық кеңесінің басшысы Елена Бушеми, сондай-ақ саясаткердің қызы Дарья Навальная қатысып, жиналғандарға алғысын білдіріп, әкесі туралы жылы естеліктерін айтты.