Құзырлы органдардың бұйрығы: Астана әуежайы үндеу жасады

Сымбат Сатыбалдина

Астанада ​​жеңіс шеруіне дайындыққа байланысты ұшу кестесінде өзгерістер болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

ТОЛЫҒЫРАҚ

Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға Жеңістің 80 жылдығына, сондай-ақ Отан қорғаушы күніне орай өтетін әскери шеруге дайындық және оны өткізу кезінде ұшу кестесінде болуы мүмкін өзгерістер туралы хабарлады.

Құзырлы органдардың бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр (қоса алғанда) аралығында Астана қаласының әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларына байланысты қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі.

Осыған байланысты ұшу және ұшып келу кестесіне өзгерістер енгізілуі ықтимал. Әуежай жолаушыларға өзекті ақпаратты авиакомпаниялардың және әуежайдың ресми ресурстарынан алдын ала нақтылауды ұсынады.

ШЕРУ

Еске салайық, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Астана қаласында өтетін әскери парадқа дайындық шараларына байланысты 13 наурыздан бастап жеке құрамды тасымалдау және әскери техниканың теміржол көлігімен де, өз жүрісімен қозғалысы басталады деп жоспарлануда. 

Осыған орай еліміздің кейбір аймақтарындағы жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін.

Сондай-ақ, 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның жаттығу ұшуларын жүргізу үшін Астана қаласында әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер қойылады.