Жетісу облысында дәрігер шалғайдағы науқасқа атпен жеткен

Сымбат Сатыбалдина

Жетісу облысында дәрігер шалғайдағы науқасқа атпен жеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео кадры

Видео әлеуметтік желіде тарады. 

Оқиға Жетісу облысы Ақсу ауданында болған. Өңірде жаңбыр суы жолды шайып кеткен. Салдарынан дәрігер қоңырау түскен жерге жете алмаған. 

Фельдшерге ат мінген тұрғын көмектескен. 

Ал науқасты ауруханаға жеткізу үшін шұғыл қызметтер іске қосылған. Осылайша әйел адам облыстық ауруханаға сәтті жеткізілген.