Астың жалпы салмағы 150 келі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астана әкімдігі ұлттық тағам дайындау ісіне 15 өндірістік оқыту шебері, 31 оқытушы және 55 студент атсалысқанын хабарлайды. Олар жент әзірлеудің қыр-сырын меңгеріп, дәстүрлі тағамды дайындауға белсенді қатысқан.
Дайын өнімнің мөлшері таңғалдырады: жентке 50 келі талқан пайдаланылған. Оның жалпы ұзындығы – 15 метр, ені – 30 см, ал биіктігі – 4 см. Жалпы салмағы шамамен 150 келіні құрайды.
Жент – қазақ халқының ең дәмді әрі құнарлы тағамдарының бірі. Ол қыста қатпайды, жазда бұзылмайды және өзінің дәмі мен тағамдық құндылығын әрдайым сақтайды. Осы қасиеттерінің арқасында жент көшпелі халықтың дастарханында ерекше орын алады.