Өзбекстаннан қашып кеткен күдікті Қазақстанда ұсталды

Сымбат Сатыбалдина

Өзбекстаннан қашып кеткен күдікті Қазақстанда ұсталды. Ол Ташкентте бардың алдында бірнеше адамды соққыға жықты деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қылмыстық жауапкершіліктен қашып жүрген Ташкент тұрғыны Акмал Шукуров Қазақстанда ұсталды. Енді оны қайтадан Өзбекстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. 

Күдікті тергеуден қашып жүрген, сондықтан халықаралық іздеу жарияланып, сырттау қамау туралы шешім шығып қойған. 

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Айта кетейік, оқиға 16 наурызда «12» (Twelve) барының алдында болған. Акмал Шукуров жергілікті тұрғынмен жанжалдасып қалған. Араларында тұрған үшінші адам оларды ажыратуға тырысқан, бірақ басынан екі соққы алып, есінен танып, еденге құлап түскен. Артынша ауруханаға жеткізілген.  

Зардап шеккен адамға бес сағат бойы операция жасалған, қазір жасанды комада жатыр. Дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін істегенімен жәбірленушінің аман қалуы екіталай деп отыр.