Меркідегі балабақшада вирус тарап, 10 бала ауруханаға түсті: біреуі жансақтау бөлімінде

Сымбат Сатыбалдина

Жамбыл облысының Меркі ауданында 10 бала ауруханаға түсті, біреуі жансақтау бөлімінде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

ТОЛЫҒЫРАҚ

17 наурыз күні Меркі аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне Меркі ауылы Ойтал учаскесі «Нұрай» бөбекжай бақшасының 10 тәрбиеленушісі келіп түскен.

Оның ішінде 9 жағдай жіті ішек инфекциясы, 1 жағдай энтеровирусты инфекция диагнозымен тіркелген. 1 жасөспірім жансақтау бөліміне ауыстырылған, жағдайы бірқалыпты (оң нәтижелер байқалуда).

ӘКІМДІК НЕ ДЕЙДІ

Осыған байланысты облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес жұмысшы топ құрылып, әр баланың жағдайымен танысып, жағдай зерделенуде. Аурудың неден шыққаны анықталуда. Қазіргі таңда ауруханада қосымша төсек орны қажетілікке байланысты дайын. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.

ТЕКСЕРУ

Бүгінгі күнге Меркі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен тексеру жұмыстары басталып, барлық сынамалар алынған, қорытындысы күтілуде.

Бөбекжай жұмысы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін екі тәулікке тоқтатылып, ата аналарға ескертілді.

Құзырлы органның тексеру қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады. Қоғамдық ахуал тұрақты, жағдай бақылауда.