Шетелден қаржыландырылатын тұлғалардың тізімі жарияланды

Сымбат Сатыбалдина

Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік көздерден қаржыландырылатын тұлғалардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

СТАТИСТИКА

Жалпы, 2023 – 2024 жылдары 295 адам мәліметтерді ұсынған, оның ішінде тұрақты түрде – 118 тұлға, мерзімді – 96, бір реттік – 81 тұлға.

2023 ЖЫЛ

2023 жылы шетелдік көздерден ақша және мүлік алу туралы мәліметтерді 28,7 млрд теңге сомасына 267 тұлға ұсынған. 2023 жылғы 1 жартыжылдықта - 14,3 млрд. теңгеге 239 адам, 2023 жылғы 2 жартыжылдықта - 14,4 млрд. теңгеге 192 адам.

2024 ЖЫЛ

2024 жылы шетелдік көздерден ақша және мүлік алу туралы мәліметтерді 27,2 млрд теңге сомасына 218 тұлға ұсынды (2024 жылғы 1 жартыжылдықта - 13,6 млрд. теңгеге 192 адам, 2024 жылғы 2 жартыжылдықта - 13,6 млрд. теңгеге 200 адам).

- Бұл шара азаматтардың мемлекетке де, үкіметтік емес ұйымдарға да сенімінің деңгейін арттыруға бағытталған. Өз қызметі және шетелдік көздерден алынған ақша қаражаты туралы есептерді ұсыну туралы талаптар әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді, дейді МКК өкілдері.