Хамас ұйымы Израиль шабуылынан кейін жетекшілерінің бірі қаза тапқанын мәлімдеді

Сырым Қаржас

Хамас қозғалысының жетекшілерінің бірі – Газадағы Хамас үкіметінің іс жүзіндегі премьер-министрі Иссам ад-Даалис Израиль әскери операциясын қайта басталған кезде қаза болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Anadolu

Ад-Даалис исламистік ұйымның басқа да өкілдерімен және олардың отбасыларымен бірге Израильдің әуе соққылары кезінде қаза тапқаны хабарланды, деп жазады DW.

Палестинадағы қарулы топтарға бағынышты денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл әскери операция барысында 330-дан астам адам мерт болған. Алайда олардың қаншасы қарулы жауынгер екені нақтыланбаған.

Өз кезегінде Израиль үкіметі Қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) Газа секторындағы әскери әрекеттерін қайта бастауын ХАМАС қозғалысының израильдік тұтқындарды босатудан бас тартуына жауап ретінде жүзеге асырғанын мәлімдеді. Ал ХАМАС өкілдері әскери қимылдардың қайта жалғасуы олардың қолындағы тұтқындарға өлім жазасына тең болуы мүмкін екенін ескертті.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп ХАМАС қозғалысына "соңғы ескерту" жасағаны туралы хабарланған.