Экс-министр Бекетаевтың ісі сотқа түсті

Сымбат Сатыбалдина

Экс-министр Марат Бекетаевтың ісі сотқа түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

СОТ

Қылмыстық іс 3 наурызда сотқа жолданған.

- Агенттік бұрынғы әділет министрі Бекетаевқа және басқа да тұлғаларға қатысты алаяқтық, аса ірі көлемде қаржы жымқыру және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. 3 наурызда қылмыстық іс сотқа жіберілді, деді Антикор.

МАРАТ БЕКЕТАЕВ 

Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылғы 21 қазанда Антикор бұрынғы әділет министрінің лауазымын асыра пайдаланды деген айыппен ұсталғанын хабарлаған еді. Агенттіктің мәліметінше, ол мемлекетке аса ірі залал келтірген, көрінеу талап етілмейтін қызметтер көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасасу арқылы аффилиирленген компанияның мүдделерін қолдады.

Бас прокуратура Бекетаевты елден қашпақ болғанда ұсталғанын хабарлады

Марат Бекетаев 2016-2022 жылдары әділет министрі қызметінде болды. Қаңтар оқиғаларынан кейін қызметінен кетті. Бекетаев бірнеше даумен есте қалды: оның есебінде ұзақ жылдарға созылған Қазақстаннан тыс сот тергеуі мен қашқын Мұхтар Әбіләзовтің ізіне түсу ісіне жетекшілік еткені бар.