«Қазақмыс» компаниялар тобы 19 наурызда Ұлытау облысында орналасқан Шығыс-Жезқазған кенішінде жазатайым оқиға болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
№57 шахтада тауарлық-материалдық құндылықтарды түсіру кезінде 1994 жылғы жұмысшы жүк оқпаны алаңындағы саңылауға құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды.
Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.
- «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен ұжымы марқұмның жақын туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Қаза тапқан жұмыскердің отбасына ұжымдық шартта қарастырылған барлық қажетті көмек көрсетіледі, оның ішіне жерлеу шығындары да кіреді, делінген хабарламада.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін кейінгі 15 жылда «Қазақмыс» кәсіпорындарында қанша қызметкер қаза тапқанын жазған едік. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің жеті қызметкерінің денесін тапты.
Артынша Ұлытау облысында үйінді астында қалған жеті кеншінің суреттері жарияланды. Сонымен қатар, 20 ақпанда «Қазақмыс» қаза тапқан жеті кеншінің отбасына көрсетілетін көмекке қатысты мәлімдеме жасады.
ШАХТАДАҒЫ АПАТ
17 ақпан күні кешке Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішінде тау-кен массасы құлаған. Сол жерде шахтаның жеті қызметкері болды. Кабельдердің үзілген соң жұмысшылармен байланысу мүмкін болмаған.