14 қыркүйекте 22 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы, Теміртау қаласының Полиция басқармасының Шығыс полиция бөліміне барып, танысқан жігіті алаяқ болып шыққанын айтқан. Ол жәбірленушінің аңғалдығын пайдаланып, жеке басына қатысты мәліметтерді алып, кейін несие алу үшін қолданған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
polisia.kz-нің хабарлауынша, алаяқ жеті банктен 3,5 миллион теңге несие және микроқаржы ұйымдарынан 18 несие рәсімдеген. Жалпы шығын көлемі – 4,2 миллион теңге. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 26 жастағы күдікті – Қарағанды тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.