Маңғыстаулық шенеунік қытайлықтарды жұмысқа орналастыру үшін 3,6 млн пара алған

Сымбат Сатыбалдина

Маңғыстау облысында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қытайдың сегіз азаматына өңірдегі мұнай компанияларында жұмыс істеуге рұқсат алу үшін 3,6 миллион теңгені заңсыз алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

inform.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды.

- Ол өңірдегі мұнай компанияларында Қытай Халық Республикасының сегіз азаматына жұмыс істеуге рұқсат бергені үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 3,6 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу сотының ұйғарымымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, делінген ведомство хабарламасында.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.