Наурыз мейрамы жақындап келеді. Бұл мереке дәстүрлі түрде наурыз-көже, бауырсақ, бесбармақ, қазы, шұжық, қуырдақ, жент және басқа да тез бұзылатын тағамдардың молшылығымен ерекшеленеді. Мерекеге дайындалу барысында адамдар дастарханға мол азық-түлік сатып алады, ата-аналар балабақшалар мен мектептерге үйден дайындалған тамақ әкеледі, қалалар мен ауылдарда жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті осы кезеңде қауіпсіздікті сақтау үшін келесі шараларды ұстануды ұсынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР МЕН ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Іс-шаралар кестесін жасап, қатысушылар санына қарай аумақтарға бөлу;
Халықтың жаппай жиналуын болдырмау үшін алаңдарды елді мекеннің бүкіл аумағына барынша бөлу;
Тағам өнімдерін дайындау және сату кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау;
Үйде дайындалған өнімдерді сатуға тыйым салу;
Сатушылар арнайы киімде болуы және жеке гигиена талаптарын сақтауы тиіс;
Қалдықтарды жинау орындарын ұйымдастырып, оларды уақтылы шығару.
ХАЛЫҚҚА ҰСЫНЫСТАР
Қауіпсіз азық-түліктерді таңдаңыз, ата-аналар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін тағамдардың берілгеніне көз жеткізуі керек;
Организмнің салқындауына жол бермеңіз;
Әсіресе, әткеншектерде, спорттық жарыстарда адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуға тырысыңыз.
МЕКТЕПТЕР МЕН БАЛАБАҚША ӘКІМШІЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР
Үйде дайындалған өнімдерді тұтынуға тыйым салу ұсынылады, өйткені сақтау шарттары мен мерзімдері сақталмаған жағдайда, бұл жаппай улануға әкелуі мүмкін.
МЕРЕКЕЛІК ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ
Қазақ елі Наурыз мерекесін 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері атап өтеді.