Журналист Ақсәуле Әлжан дін мен дәстүр арасындағы байланысқа тереңірек үңілу мақсатында сұхбаттасқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАЗАҚТАР АРАБ БОЛЫП ЖЕТІСПЕЙДІ
"Қазақтар араб болып жетіспейді. Өз қазақтығымызды, дәстүрімізді сақтауымыз керек", — дейді журналист Ақсәуле Әлжан.
Қазіргі қоғамда ислам дініне қатысты түрлі пікірлер қалыптасқан. Бірі оны қараңғылық пен ортағасырға тартатын күш деп санаса, енді бірі рухани жаңғыру мен мәдени мұраның бір бөлігі ретінде көреді.
ИСЛАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БӨЛІНУ
Ақсәуле Әлжан қоғамдағы жікке бөлінуді айрықша атап өтті:
"Қазақ тілділер, орыс тілділер, ауылдан, қаладан деп бөліскеніміз аздай, енді орамал таққан, сақал жіберген, қысқа балақ, ұзын етек деп бөліне бастадық. Біз исламнан неге қорқамыз? Ол шынымен де бізді артқа сүйреп жатыр ма? "- дейді журналист.
ИСЛАМ БІЗДІ АРТҚА СҮЙРЕЙ МЕ?
Журналистке қонаққа келген Айбөпе Кемелдинова есімді спикері қоғамдағы бөлініске қатысты өз ойын ашық айтқан.
“Қазақилықты дәріптеп жүрген адамдар егерде исламға қарсы болып кетсе олар айтады “сендер мұсылмандар қайда жүрсеңдер де онда жүре беріңдер, біздің группаға кірмейсіңдер” дейді. “Сендер арабтанып кеттіңдер” деп аналарды сырттата берсе олар да сондықтан экстрималды тұрғыда қаттырақ арабтанады да. “Ақыры бізді кіргізбедің ғой өздеріңнің группаңа. Онда біз өзімізше былай жасаймыз” – дейді Кемелдинова.
ТЫҢДАРМАНҒА ҰСЫНЫС
Журналист бұл әңгімені ораза айы мен Наурыз мерекесіне арнайылып ұсынған.