Ыстамбұлдағы наразылық акциясына қатысушыларға қарсы түрік полициясы көзден жас ағызатын газ қолданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Iz.ru ақпаратына сүйенсек, оқиға куәгерлері митингке шыққан халықты тарату үшін полиция арнайы құралдар қолданғанын мәлім етті.
Полиция адамдарға жүгіріп, қорқытты, көзден жас ағызатын газ қолданды, - деді журналист Усман Хасанов.
Оның айтуынша, полиция қызметкерлері наразы топқа жақындап келіп адамдарды қалқандарымен итеріп, таратуға тырысқан.
Бұған дейін наразылық акцияларына 300 мыңға жуық адам қатысқаны туралы жазғанбыз.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы 19 наурызда сыбайлас жемқорлықпен, парақорлықпен, пара берумен және террористік әрекетке жәрдемдесумен айналысатын ұйымға қатысы бар деген күдікпен Экрем Имамоғлы ұсталғаны ұсталған. Оппозициялық саясаткер биліктің қысымына көнбейтінін және өзіне тағылған кінәні мойындамайтынын мәлім еткен. Ыстамбұл мэрінің ұсталуы биліктің қауіпсіздік шараларын күшейтіп, жексенбіге дейін қалада митингілер мен демонстрациялар өткізуге тыйым салғанына қарамастан халықтың жаппай наразылыққа шығуына әкеліп соқты.