Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың пікірінше, қазақстандық шенеуніктердің тиімсіз басқаруы салдарынан бюджет қаражаты құрдымға кетіп жатыр жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Саясаттанушының айтуынша, ұлттық экономикада ешқандай жаңа тәсіл жоқ.
“Соңғы 30 жылда Қазақстанда бюджет қаражаты, кейін ұлттық қордың қаражаты әртүрлі мемлекеттік бағдарламалардың кесірінен құрдымдарға кетті.
Қазір билік жаңа экономикалық саясат туралы қанша айтқанымен, басқару моделі әлі ескі. Экономикада әлі де шенеуніктердің басқаруында, ал квазимемлекеттік зомби-компаниялар мен олигархиялық топтар бәсекелестіктің көзін жояды.
Яғни, қара құрдымның (черная дыра) саны азаяр түрі жоқ, деді Досым Сәтпаев.