Қожағапанов ісі: сотта тағы бір айыпталушы мәлімдеме жасады

Сымбат Сатыбалдина

Экс-вице-министр Ерлан Қожағапановқа қатысты сот отырысында тағы бір айыпталушы - Ляззат Көккөзова мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

26 наурызда өткен сот отырысында тағы бір айыпталушы “SUCCESS K” ЖШС бас директоры Ляззат Көккөзова сөйледі. Компания 2018 жылы өткен форумды ұйымдастырумен айналысқан. 

- Форумға қатысты коммерциялық ұсыныс бойынша бастапқы құны 2,9 млрд теңге болған. Тапсырыс беруші бұл ұсыныстан бас тарта алады. “SUCCESS K” ЖШС ұсынысын мәдениет және спорт министрлігі, президент әкімшілігі мен экс-президент Назарбаев мақұлдады, дейді айыпталушы. 

Айыпталушының сөзінше, ол Қожағапановпен форумға дейін жеке таныс болмаған. Компания көптеген жоғары шенді шенеуніктермен бірлесіп жұмыс істеген. 

- Мен министрлік қызметкері емеспін, министрлікте басшылық қызметте отырған адам емеспін, мен – коммерциялық компанияның бас директорымын, келісімшартты жасап, атқарылған жұмыстарға қол қойдым, дейді айыпталушы. 

ТЕРГЕУ

Еске салайық, бұған дейін Ерлан Қожағапановтың үстінен қозғалған тергеу жұмыстары аяқталғанын хабарлаған едік. 

ОЛ НЕ ҮШІН ҰСТАЛДЫ

Қожағапов былтыр наурызда ұсталғанын антикор хабарлаған еді. Ресми ақпарат бойынша, ол коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған. “Бұл ретте форумды өткізу үшін смета екі есе өсті, бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқты” деген сол тұста антикор.