Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев спорт федерацияларының болашағы нәтижелеріне байланысты болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖАРАСБАЕВ НЕ ДЕЙДІ
Вице-министрдің сөзінше, қазір спорт федерациялары бюджеттен тікелей қаражат алмайды. Заң бойынша министрлік спорт түрлерін қаржыландырады. Жергілікті, республикалқ және квазимемлекеттік сектор арқылы да қаражат солай бөлінеді.
Енді олардың болашағы өздерінің нәтижелеріне байланысты болады. Біріншіден, басым спорт түрлеріне кіретін федерациялар әрине, спорт түрлері бойынша қаржыландырылады. Бірақ оған кірмеген спорт түрлеріне ары қарай дами береді – оған ешқандай кедергі жоқ. Бірақ олар жалақысына демеушіліктен, басқа көздерден ақша табуы қажет, – дейді ол.
ФЕДЕРАЦИЯЛАРДЫ АККРЕДИТТЕУ ЖАЙЛЫ
Сонымен қатар, осы заңның нормасымен федерацияларды жаңа аккредиттеу тәртібі күшіне енеді. Жарасбаевтың сөзінше, бір спорт түрі – бір федерация болады. Кейбір спорт түрлерінде Қазақстанда бес федерацияға дейін бар.
Олардың бәрі бір кездері бір федерация болған. Кейін келісе алмай, бөлініп кеткен. Енді бір спорт түрінен бір ғана федерация болады, – дейді ол.