Бүгін, 27 наурызда, Шымкенттің мамандандырылған экономикалық соты қала әкімдігінің талабын қанағаттандырып, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің су жабдықтау және су бұру бойынша бірқатар нысандарын жекешелендіру келісімдерін жарамсыз деп таныды. Осылайша, олар мемлекет меншігіне қайтарылмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сот отырысы барысында стратегиялық маңызды нысанды жекешелендіру кезінде бірқатар заңбұзушылықтар болғаны айтылды. Атап айтқанда:
Шешімнің қорытынды бөлігін жариялай отырып, сот тек сатып алу-сату келісімдерінің күшін жоюды ғана емес, барлық нысандарды бастапқы қалпына келтіруді, яғни «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ін оларды мемлекетке қайтаруға міндеттеуді тапсырды.
Атап айтқанда, сот Ақбай-Қарасу, Бадам-Сайрам, Қызылсай және Тассай су қабылдау станцияларын жекешелендіру туралы хаттамаларды, сондай-ақ тазарту құрылыстары мен автокөлік цехын басқаруға алған «Уникансервис» және «ТрансВиК» компанияларымен жасалған келісімдерді заңсыз деп таныды.
Бұған дейін «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС қызметінде бірнеше заңбұзушылықтар анықталған болатын:
Сот шешімі заңды күшіне енген соң, нысандарға кешенді аудит жүргізіліп, олардың жаңғырту бағдарламасы әзірленеді.