Оңтүстік Кореядағы жол апатында Қазақстанның төрт азаматы қаза болды

Сырым Қаржас

Оңтүстік Кореяда жол апатынан Қазақстанның төрт азаматы қаза тапты, деп жазады Ulysmedia.kz.

Фото: GYEONGGI FIRE SERVICES/Korea JoongAng Daily

Қайғылы оқиға бейсенбі күні түнде, жергілікті уақыт бойынша 00:30 шамасында Кенгидо провинциясындағы Хвасон қаласында болды. Mercedes-Benz көлігіне мінген төрт адам жол бойындағы қоршауға соғылған. Қатты соққыдан кейін көлік бірнеше метрге ұшып кетіп, өртке оранған.

Өрт оқиғадан кейін 30 минут ішінде сөндірілді. Көлік ішінен төрт қазақстандықтың денесі табылды, деп хабарлайды Korea JoongAng Daily.

Кейінірек қаза тапқандардың кім екені анықталды. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Ulysmedia.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен ресми түсініктеме сұратты.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың қыркүйегінде Таиландта 18 жастағы қазақстандық азамат қайтыс болған еді. Кейінірек оның 15 жасынан бастап жалғыз саяхаттап жүргені белгілі болды.