22 жылдан кейін: әнші Бағлан Әбдрайымов "Жігіттер" тобынан кететінін меңзеді

Сымбат Сатыбалдина

Әнші Бағлан Әбдрайымов "Жігіттер" тобынан кететінін меңзеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: instagram

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

- Бөліну емес, шыңдалу деп ойлау керек. Жеке бір шауып көру керек болып тұр. 22 жыл ажырамай жүр екенбіз, деп жазды Әбдрайымов.

ОҚЫРМАНДАРЫНЫҢ РЕАКЦИЯСЫ

Әншінің тыңдармандарына Бағлан Әбрайымовтың бұл шешімі ұнамаған көрінеді. 

- Анда-санда жеке ән айтып тұрса болады ғой, бірақ топтан жеке шығып, шыңдалып ән айтпай-ақ қой. Себебі “Жігіттер” тобы бір-бірімен толығып тұрады емес пе. Біреуі бөлініп, біреу тағы жаңадан қосылса топтың мәні кетеді, қызықсыз болып қалады, бұл әрине жеке ойым. Абай атамыз айтқандай “өз сөзім өзімдікі”, бірақ сонша жылдық тарихы бар, көрерменнің көзайымы болған топ бөлінбесе екен.

- Жеке де,топпен де айта беруге болмайды ма?

- Жеке ән айта бер, жаза бер. Бірақ топтан кетпе. Топ біраз сахнада жүруі керек. Әйтпесе көп топтар орта жолдан тастап, өміршеңдігін жоғалтып жатады да, дейді желі қолданушылары.