Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің қайда жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, Байбек Жапонияда жүр.
Соңғы ақпарат бойынша Бауыржан Байбек Кипрде көзге түскен болатын.
2023 жылы ақпан айында Алматының экс-әкімі Германиядағы Любек Колизейінде пианист Эвелинда Тренкнердің бюстінің ашылу салтанатында төбе көрсетті.
БҰҒАН ДЕЙІН
Бұдан бұрын қоғам қайраткері Санжар Боқаев кәсіпкер және Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің "автобус" мәмілесінде 11 миллион долларды игергенін, өйткені қала әкімшілігі қоғамдық көлікті жоғары бағамен сатып алғанын мәлімдеген.