ХАМАС Египеттің атысты тоқтату ұсынысын қабылдады

Сырым Қаржас

ХАМАС кепілдегі бес тұтқынды, оның ішінде америкалық-израильдік азамат Эдан Александрды босату жөніндегі Египеттің жаңа ұсынысымен келісіп отыр. Бұл туралы CNN-ге аталған ұйымның дереккөзі ақпарат берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Хасан Алзаанин/ ТАСС

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұған жауап ретінде ХАМАС атысты тоқтатуды және гуманитарлық көмекті қайта жандандыруды талап етпек.

Телевизия арқылы жасаған үндеуде әскери ұйым жетекшісі Халиль Аль-Хайя содырлар жасағы ұсынысты жақсы қабылдағанын атап өтті. Сондай-ақ ол ХАМАС «алғашқы бітімге келу жөніндегі келісімнің шарттарын толық сақтайды» және Израильдің «бұл ұсынысқа кедергі келтірмейтініне» үміттенеді.

Египеттің ұсынысына қатысты Израиль тарапы да жауап берді.

Премьер-министр Беньямин Нетаньяху кеше арағайындардан алған ұсынысқа сүйене отырып, бірқатар кеңес өткізді. Соңғы сағаттарда Израиль АҚШ-пен толық үйлестіру арқылы қарсы ұсынысын жеткізді, – деп мәлімдеді Израиль премьер-министрінің кеңсесі.

Осы айдың басында Израиль Газа секторына шабуылды қайта бастап, анклавқа жеткізілетін гуманитарлық көмекті толық тоқтатқан. Сондай-ақ израильдік күштер Газа секторының кейбір бөліктерінде тұрақты болатынын мәлімдеп, тірі қалған 24 тұтқын босатылғанға дейін аймақтан кетпейтінін ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, Газа секторындағы денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, Израильдің 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС жасаған лаңкестік шабуылдардан кейін бастаған әскери операциясынан кемінде 50 277 палестиндік қаза тауып, тағы 114 095 адам жараланған.