«Өте ауыр болып жатыр»: Елдос Сметов Англияда ағылшын тілін үйреніп жүр

Сырым Қаржас

Дзюдодан Париж олимпиадасының чемпионы, даңқты спортшы Елдос Сметов Лондонда ағылшын тілін үйреніп жүр. Бұл туралы инстаграм әлеуметтік желісінде белгілі журналист Ғалымжан Қараманұлы жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеодан алынған кадр

ТОЛЫҒЫРАҚ

Журналист Англия астанасында татами шеберімен ауызашар дастарханында бірге болғанын айтты.

Дзюдодан Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Лондонда ағылшын тілін үйреніп жүр. Алла сәтін салып, ұлт мақтанышымен дастархандас болу бақыты бұйырды, – деп жазды ол.

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов желі қолданушыларына сәлем жолдап, тіл үйрену оңай шаруа емес екенін атап өтті.

Ассалаумағалейкүм баршаңызға! Ағылшын тілінде еркін сөйлеуді нәсіп етсін, сол үшін жүрміз. Барымызды салып жатырмыз. Өте ауыр болып жатыр. Дегенмен тырысамыз, – деді чемпион.